ҰБТ-дағы жауапты өзгертуге болады

31 наурыз, 16:51

Биылдан бастап мектеп түлектері ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырады. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.


Жауаптылар сөзінше енді талапкерлер білімдерін бұрынғыдай қағаз бетіне емес, электронды түрде сынайды. Және олардың белгілеген жауаптарын өзгертуге де мүмкіндік берілді. Яғни осыған дейін нұсқаны бояп, оны өшіру мүмкін болмаса, енді электронды түрде белгіленген жауапты қайта ауыстыруға болады.

Мирас ДӘУЛЕНОВ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі: «ҰБТ-ны қағаз түрде өткізуден электронды форматта тапсырудың тағы бір басымдығы жауапты өзгертуге болады. Қағаз түрінде жауап боялғаннан кейін оны өзгерту мүмкін емес. Ал электронды форматта түлек қандай да бір тапсырманың дұрыс жауабын тапса, қандай да бір ақпаратты еске түсірсе, онда сұраққа қайта оралып, жауабын өзгерте алады. Оның үстіне өзгертілген жауап ҰБТ аяқталғаннан соң және сақталғаннан кейін де жазылады».

Еске салайық, ҰБТ 10 наурызда басталған болатын. Сәуірдің 10-на дейін жалғасатын сынақтың алғашқысы ақылы түрде бір ғана рет болады. Ал, сәуірдің 15-нен маусымның 30-на дейін үміткерлерге 2 рет мүмкіндік беріледі. Және биылдап бастап ҰБТ уақыты талапкерлер түймешені басқан сәттен саналады. Оларға білімін сынау үшін барлығы 240 минут беріледі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже