Түркістан облысында аудандық әкімдік шенеунігі пара алды деген күдікке ілінді

07 желтоқсан, 11:36

​Сайрам ауданы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.​

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Call-орталығына келіп түскен хабарламаны тексеру нәтижесінде Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол көпбалалы ана ретінде жәрдемақы аударғаны үшін азаматтан 22 мың теңге пара алды деп күдіктеніп отыр.
Процессуалдық ұстау күдіктінің кінәсін толық мойындауға және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жеделдетілген тәртіппен аяқтау туралы мәлімдемесіне байланысты қолданылған жоқ.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже