Дана Әмеева ақыры ұлымен қауышты

26 тамыз, 10:00

Бұл туралы "Не молчи" ҚҚ өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Дана Әмеева бұрынғы күйеуі Ресей Федерациясына ұрлап алып кеткен өзінің кішкентай ұлы Арсениймен қайта қауышты.

"Біз қуаныштымыз, бірақ онымен сөйлесе алмадық, ол байланысқа шықпады, сондықтан бұл туралы әзірге хабарламауды шештік. Бүгін мен оған қоңырау шалған кезде құжаттарды рәсімдеу, заттарды жинау және жолға дайындау бойынша ең маңызды жұмыстардың жүріп жатқанын білдік. Барлық мәліметтерді кейінірек аламыз... Дана Әмееваның ерлігі, табандылығы мен өзін-өзі ұстауы таңқалдырады, Кругляктың заңсыз әрекеттеріне ол заңды түрде әрекет етті, қадамнан кейін қадам басып, ұлын қайтарды! Данажан, құттықтаймын!",- деп жазды Дина Смайылова.

Дананың бұрынғы күйеуі Геннадий Кругляк өткен жылдың 6 мамырында сәбиіді өзімен бірге алып кеткен. Ол өзіне және балаға Ресей азаматтығын алуға әрекет еткен. Калининградтың Ленинград аудандық соты баланың анасымен тұруын шешкенмен, Кругляк шешімді орындалудан жалтарған, тіпті анасына ұлын көрсетпеген. Күш қолданып, бұрынғы жұбайын ұрып-соққан.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже