Шымкентте кішкентай қызға азғындық жасау дерегіне қатысты полиция арнайы түсінік берді

04 қазан, 11:18

​Қала тұрғынының кішкентай қызға азғындық жасау туралы арызы бойынша полиция департаментімен ҚР ҚК-нің 124-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес кәмелет жасына толмаған қыздың денесінде азғындық әрекеттерін сипаттайтын дене жарақаттары анықталмаған. Психоневрологиялық диспансердің мәліметіне сәйкес күдікті есепте тұрады. Тергеу органымен қоғамға қауіптілігін анықтау мақсатында оған қатысты сот-психиатриялық сарапатамасын тағайындалған.

Тергеу барысында осы тұлғаның балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қолсұғушылық жасағандығы жөнінде басқа тұлғалардан арыздар түспеген.

Іс қала прокуратурасының және полиция департаментінің бақылауында. Қылмыстық іс бойынша басқа деректер тергеп-тексеру мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Естеріңізге салсақ, 2 қазан күні Хамза шағын ауданындағы көшелердің бірінің тұрғындары тілшілерден көмек сұраған болатын. Олар кішкентай қызға азғындық жасаған ер адамның жазалануын талап етті. Айтуларынша, оқиға 14 қыркүйекте орын алған.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже