Димаш Құдайберген Қазан қаласында тұратын сырқат қыздың арманын орындады

28 тамыз, 12:48

Бұл туралы Instagram парақшасында Анжела Вавилова атындағы қор хабарлады.

Белгілі қазақстандық әнші Қазан балалар хосписіне барды. Лейсан есімді қыз сырқатымен күресуге Димаш шығармашылығы шабыттандыратынын айтты.

Ол Димаштың қазандағы өнерін көруді армандады, бірақ химиотерапияның бесінші курсынан кейін ол мүмкін болмады.

"Соңғы сәтке дейін біз оның келуін Лейсаннан құпия ұстадық. Оның қалай қуанғанын сипаттауға тіл байлығымыз жетпейді", - деп жазды онкоболгиялық балаларға көмектесетін Анжела Вавилова атындағы қордың өкілдері.

Әнші сауыққан соң қызды өз концертіне шақырып, бірге фотоға түсті.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже