Димаш Құдайберген "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атанды

12 желтоқсан, 12:08

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында талантты әнші "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азаматтарға мемлекеттік награда табысталды.

«Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді. Олардың ішінде белгілі әншілер Димаш Құдайберген мен Тамара Асар, ғалым Асқар Жұмаділдаев та бар.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы республикаға сіңірген зор еңбегі үшін мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне беріледі.

Айта кету керек, елімізде тағы 285 қазақстандықтың дәл осындай атағы бар.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже