Шымкентте 13 жастағы жасөспірім газға уланып көз жұмды

20 қаңтар, 14:19

Бұл 2020 жылдан бері улы газ тұрғындардың өмірін жалмаған екінші жағдай.

Қайғылы оқиға 19 қаңтар күні сағат 10: 00-де Қайтпас-1 шағынауданында орын алған. Төтенше жағдай туралы газ қызметіне баланың өлімін анықтаған жедел медициналық жәрдем дәрігерлері хабарлады.

Оқиға орнына келген авариялық бригада тексеру кезінде тұрмыстық газ құралдарын монтаждаудың өрескел бұзылуын анықтады.
Біріншіден, ағынды су жылытқышы (газ колонкасы) 2х2,5 м көлемінде жуынатын бөлмеде орнатылған.
Екіншіден, түтін шығаратын құбыр (гофра) ағынды су жылытқыштан ажыратылып, көшеге 20 см жерге шығарылған. Бұл дегеніміз, улы газ біртіндеп жуынатын бөлмеге жиналған.
Үшіншіден, ас үйде үш газ құрылғысы орнатылған - 4 конфоркалы плита, еден жылыту қазандығы және ағынды су жылытқыш. Ағынды су жылытқыштың мұржасы жоқ.
Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның себептерін анықтауда.
Газ саласының мамандары жуынатын бөлмеде ағынды су жылытқыштарды орнатуға қатаң тыйым салынатынын тағы да еске салады. Сонымен қатар, түтін шығатын құбыр бөлмеде газдың жиналуына жол бермеуі үшін газ аспабына тығыз жанасу керек.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже