Қазақстанда төтенше жағдай кезінде лимон мен пияз қымбаттаған

12 мамыр, 12:08

​Мамырдың бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгерген жоқ. Жыл басынан бері өсім 5,5%-ды құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.

Сәуірдің қорытындысы бойынша бағаның ең көп айлық өсуі жемістерде байқалған. Олар: пайдалы лимондар - бірден 47,9%-ға (бұрын наурыз айында бұл цитрусты жемістер 3%-ға жуық қымбаттады), сондай-ақ алма - 13,7%-ға өсті.

Көкөністер арасында пияз (+13,1%), картоп (+10,7%), қырыққабат (+5,9%) және сәбіз (+4,6%) қымбаттады. Сонымен қатар маусымдық қияр наурыз айына 23,6%-ға арзандады.

Қант құнының айтарлықтай өсуі тіркелді: наурызда бірден 6,7% қымбаттады. Дегенмен, басқа өнімдер бағасы өзгерген жоқ. Ал құтыдағы ауыз су 1,6%-ға қымбаттады.

Жарма арасында қарақұмық үшін ғана айтарлықтай өсім байқалады (бір айда 4,6%-ға және бір жылда 43,5%-ға). Сондай-ақ ұнтақ (бір айда 1,7%-ға және бір жылда 14,2%-ға) және арпа (бір айда 1,4%-ға және бір жылда 12,6%-ға) қымбаттады.
Бұдан өзге, сәуір айында сұрыпты ұн 1,6%-ға өсті (бір жылда бірден 20,5%-ға артты), макарон өнімдерінің құны (рожки мен вермишель) 1,5%-ға (бір жылда тиісінше 15,4% және 13,3%) қымбаттады.
Ет өнімдерінің ішінде қой еті едәуір қымбаттады (сәуір айында 2,8%-ға). Сондай-ақ, майшабақ (сельд) 2,1%-ға, тауық еті 1,9%-ға, ірімшік пен сары май 1,6%-ға қымбаттады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Меруерт Қазыбекованың айтуынша, заң жобасында сауда үстемесін шектеу бойынша жаңа нормалар қарастырылған: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде ол өндірушілер мен көтерме жеткізушілер бағасының 15%-ынан аспауы керек. Бұл талаптар бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже