Алматыда үш жеңіл көлік соқтығысып қалды

02 қазан, 15:05

Алматыда үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Camry маркалы автокөлігі Сүйінбай даңғылының бойымен солтүстікке қарай келе жатып, Бекмаханов көшесіне жетпестен бұрылыс жасайды. Сол кезде Сүйінбай бойымен солтүстікке бағытқа қарай келе жатқан Toyota Corolla маркалы автокөлігі Camry-мен соғысқан. Camry соққы күшімен қарсы жолаққа шығып, ол Сүйінбай бойымен оңтүстікке қарай келе жатқан Mercedes C-класты автокөлігімен соқтығысқан. Көлік апатынан үш әйел: Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Mercedes жолаушысы зардап шекті.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті. Олар медициналық тексеруден кейін үйлеріне қайтарылды. Полиция қызметкерлері орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты тексеруді бастады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже