Қайырымдылық жәшіктері мен дүкен тоналды

05 тамыз, 10:12

​29 шілде күні белгісіз біреу Шымкент дүкендерінің бірінің қабырғасын сындырып, дүкен кассасынан және қайырымдылыққа арналған екі жәшіктен 70 қорап темекі, ақша ұрлап кеткен, деп хабарлайды Elitar.kz Шымкент қаласы бойынша ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, полицейдің ақпараты бойынша, дүкен иесіне 50 000 теңгеден астам шығын келтірілген. Бұл сомаға қабырғаларды жөндеу кіре ме, бұл көрсетілмеген.

Полиция қызметкерлері тез әрекет етіп, сол күні күдікті Еңбекші аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
ҚК "Ұрлық" 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже