Браконьерлерді ұстау кезінде түсірілген видео жарияланды

27 тамыз, 11:52

2019 жылы 25 тамызда сағат 9: 00 шамасында "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК Шығыс Қазақстан өңірлік филиалының инспекторлары ШҚО Күршім ауданы Қалжыр а/о Бүйрек учаскесінде рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында С. К. есімді 1968 ж. т. және 1965 жылы туған, Т. Б. есімді Семей қ. тұратын азаматтардың заңсыз сұңқар аулаумен айналысқанын анықтады.

Тексеру барысында автокөліктен жабайы құстарды аулайтын тор, 7 көгершін мен Хатсан 125 маркалы қара түсті пневматикалық қару табылған.

Аталған материал Күршім ауданының полиция бөліміне тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже