Газ есептегішінің көрсеткіштерін телеграм желісі арқылы беруге болады

03 маусым, 18:27

Бұл туралы газбен қамтамасыз ету ұйымы хабарлады. Айта кету керек, мұндай қызмет Шымкент және Түркістан облысының тұрғындарына қолжетімді, деп хабарлайды Elitar.kz Шымкент-РЦКУ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Телеграм" арқылы мәлімет беру үшін осы қосымшаны жүктеу қажет. Одан әрі - іздеу жолында @RCKUBot енгізу және СТАРТ (start) басу керек.

Одан әрі ұсынылып отырған тізімнен "Профиль" таңдап, жеке шотты қосу/таңдау қойындысын таңдаңыз.

Бұдан әрі "жаңа" батырмасын таңдайсыз және жаңа дербес шот пен газ үшін өткен төлемнің сомасын дәл етіп енгізіңіз. Егер бәрі дұрыс терілсе, Иә батырмасын басыңыз.

Бұдан әрі кері қойындысын таңдап, көрсеткіштерді беру және енгізілген көрсетілімді растай отырып, газды есепке алу құралының көрсеткіштерін енгізіңіз.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже