Арыс қаласында жұмыс істеген өрт сөндірушілер қазнетті сүйсіндірді

25 маусым, 10:31

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов фотосуретті желідегі парақшасында жариялады.

"Жарылыс басталғаннан кейін бірден Арыс қаласына 400-ге жуық өрт сөндіруші келіп жетті. Оларға ауыр жағдайда жұмыс істеуге тура келді. "Өрт сөндірушілердің алдында басымды иемін, олар бір күн бойы Арыс қаласында өрт сөндіріп, үйінділерді талдап, тұрғындарды эвакуациялады. Түнде олар қауіпсіз аймақта түнеп, штабта, спорт залының еденінде ұйықтап жатты. Таңертең әскери бөлім аумағынан басқа қаладағы барлық өрттер жойылды. Нағыз батырлар. ТЖ жоюға 400-ге жуық жауынгер жұмылдырылған", - деп жазды ол

Фотосурет желі қолданушыларын тебірентті. Жауынгерлерді олар батырға теңеп, Арыс оқиғасының желісімен фильм түсіруге ұсыныс жасады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже