Алматыдағы селге қарсы эвакуациялау пункттері белгіленді

14 тамыз, 08:17

ТЖД басшылығының айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ.

Сел қаупі туындаған көлдің суы 77 мың текше метрден 26 мың текше метрге дейін азайтылды.

«2015 жылы бұл плотинадан 30 мың текше метр су өткен. Бөгеттің жобалық қуаты 1,2 млн текше метр. Бұл жерге 600 мың текше метр су жетеді. Апаттық жағдайда секундына 10 текше метр су жіберіледі. Өзеннің арнасы 20 мың текше метрге есептеліп, бетондалған», - деді ТЖД өкілдері. Бүгін Алматыда Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрді.

«Эвакуациялау пункттері: 1. Ескі әкімшілік (Жандосов-Рысқұлов). 2. Шахмерденов атындағы 175 мектеп. 3. 158 мектеп. (Жандосов – Ясауи қиылысы)», - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.

ТЖД соңғы уақыттарда мұздық көлдері суының ағызылуы туралы ақпарат берді.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже