Реабилитологтар үшін оңалту

04 наурыз, 12:45

Карантиндегі оңайемес жұмысжағдайынан кейін, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту қызметімен айналысатын қорымыздың мамандарын сергіту мен жұмыстан күйініп кетуін алдын алу мақсатында спорт психологиясы, НЛП практикасы және нейрофизиология техникаларына негізделген арнайы оқыту бағдарламалары дайындалды.

«Қасиеттіжол» қорының орталықтары жылдар бойы нейро-ортопедиялық аурулары бар балаларды аяққа тұрғызып жүргенін ескере отырып, «ЭксонМобил Казахстан Инк» компаниясы осындай тренинг-курстарын сыйға тартты.


"Өткен 2020 жыл оңай болған жоқ. Пандемия және карантиндік шараларға байланысты жағдай қазірдің өзінде күрделі психоэмоционалды ортада жұмыс істейтін қордың, оңалту орталықтарының, қызметкерлері үшін қосымша жүктеме болды, - дейді Қор Президенті Абельдинова Гүлмира Сапабекқызы – біз балаларды назардан тыс қалдырмадық, сабақтар қашықтықтан жалғасты, бұған біздің кішкентай ерекше пациенттеріміздің ата-аналары өте қуанышты болды. Біздің мамандарымыздың құндылығын және оларға түскен барлық ауыртпалықты түсіне отырып, біз оларға психоэмоционалдық қолдау көрсетуді шештік. "ЭксонМобилҚазақстан Инк" Компаниясы«Менторлар мектебі» жобасының бас серіктесі «Қасиеттіжол» қорына2014 жылдан бастап мамандарды оқыту мәселесінде қолдау көрсетіп келеді. Олар қайырымдылық көмек ретінде қажетті қаражат бөліп, жаттықтырушылардың қызметтеріне ақы төледі.

"Эмоционалды интеллект" тренингі қызметкерлердің психоэмоционалды жағдайын нығайту үшін арнайы таңдалды. Оны жоғары білікті маман, белгілі Қазақстандық психолог, іскерлік әкімшілендіру докторы, ХАА академигі, ҚР жобалау менеджерлері қауымдастығының мүшесі, ҚР ҰОК спорт психологы, ЕҚДБ бизнес-тренері Гүлнара Амангелдіқызы Шакирова өткізді.


"Қасиетті жол" қорымен тан

ысу менің өмірімнің маңызды оқиғаларының бірі болды. Мен Қордың оңалту орталықтарының қызметкерлері мен және басшыларымен жұмыс істеу ұсынысын ризашылықпен қабылдадым. Ерекше балаларға көмегіміз тиіп, қайырымдылық жасау мені ерекше толғандырды.Осындай адал адамдармен танысу және жұмыс істеу үлкен мәртебе".

Эмоционалды интеллект балаларды оңалту мен уақытынан бұрын шала туылған шақалақ балаларды түзетуде қолдану тәжірибесі терең білім мен зерттеуді қажет етеді. Балалармен жұмыс істеудің нәтижесі көбіне реабилитологтардың эмоционалдық интеллект деңгейіне байланысты. Тренингтің мақсаты Қызметкерлермен кәсіби техникалар мен әдістемелердің көмегімен өз эмоцияларын тануға үйрету және жас пациенттер мен олардың ата – аналарының эмоцияларын басқару.

"Күйзелісті басу және күйінудің алдыналу үшін Қордың әр бір орталығы үшін арнайы спорттық психология техникасына, НЛП-практикаларға және нейрофизиологияға негізделген жеке бағдарламалар дайындадым. Әр бір орталықтың ұжымы адамдарды біріктіретін ортақ миссияға қарамастан бірегей, сондықтан мен оларды қалпына келтіру және дамыту үшін әр түрлі құралдарды пайдалануым керек болды. Бұл жоба мен үшін кәсіби қызметімдегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды. Барлығы да мен ойлағындай өткеніне қуаныштымын", - деді Гульнара Амангельдиевна.

Белсенділік пен креативтілік, жаңа кәсіби білімдер мен толуы мен командалық рух – оқу кезеңіндегі "Қасиетті жол"қайырымдылық қорының қызметкерлері алған білімнің бір бөлігі ғана.


"Тренинг болған 2 күн ішінде біз көп нәрсені түсініп, үйрендік. Ең бастысы – ұйымшылдық пен бір командамен жұмылып жұмыс жасау, бір-бірімізді құрметтеу, өз эмоцияларымызды басқара білу, қажетсіз энергиядан құтылып және пайдалы энергиямен қамтамасыз ету, басқаларды зарядтай білу. Біздің басшылығымыз бен құрылтайшыларымызға мүмкіндік бергені үшін рахмет", - деп өз пікірін білдірді "KzholShymkent" РО дефектологы Анна Скорикова.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже