Алты жасар баласын мектепке бермеген ата-анаға айыппұл салынбайды

13 тамыз, 12:56

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Асхат Аймағамбетов кейбір ата-аналардың алты жастан бастап балаларын мектепке жібергісі келмеуіне қатысты пікір білдірді.

"Міне, сіз оқып, жаза алмайды дейсіз. Бала бірінші сыныпқа келгенде міндетті түрде оқып, жаза алуы керек деген мұндай талаптар жоқ. Бірінші сынып бағдарламасы осындай дағдылар мен білімі жоқ балалар үшін жасалған. Сондықтан бірінші сыныпта балалар әріпті, әріптерді оқуды, есепті, жазуды және т.б. үйренеді", - деді ол.

Сонымен қатар, ведомство басшысы егер ата-аналар баланы 6 жастан бастап мектепке беруге дайын болмаса, оларға ешкім айыппұл салмайды деп атап өтті.

"Алты жасқа келсек, заң нормасы бар. Ал министр ретінде, мемлекеттік қызметші ретінде бұл осы норманы сақтамау керек деп айта алмаймын. Сондықтан алты жастан бастап балалар мектепке бара алады, бірақ бұл ата-ананың құқығы. Бала алты жасында мектепке келмегені үшін бізде айыппұл жоқ. Сәйкесінше, ешкім ешкімге айыппұл сала алмайды", - деп атап өтті Аймағаметов.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже