Мемлекеттік мекеменің басшысы алаяқтық және пара беруге арандатушылық жасағаны үшін сотталды

16 шілде, 16:16

"Кентау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы Ж. Ерубаев Кентау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларына жылжымалы сауда павильонын салуға алаң бергені үшін 200 мың теңге көлемінде пара беруге жеке компания өкілін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы айдап салуда айыпталды, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

12 шілде күні Кентау аудандық сотының үкімімен Ж. Ерубаевқа 4 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды. ⠀

Бұл айыппұлды ол үкім заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде төлеуге міндетті. Ал төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сонымен қатар, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже