Қала әкімдігі: Шымкент карантинге жабылмайды

25 наурыз, 14:48

Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, Шымкентті карантинге жабуға әзірге қажеттілік жоқ.

Коронавирус таралуының алдын алу мақсатында қалада 12 санитарлық бекет орнатылған. Онда мегаполиске келушілердің бәрінің дене қызуы тексеріледі.

Шымкент әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбековтың айтуынша, аталған бекеттерде түрлі сала қызметкерлері кезекшілік жасауда. Барлығы да қажетті қорғану заттарымен қамтамасыз етілген.

"Медициналық маскалар мен коронавирусты анықтайтын тест бойынша сұраққа келсем, ол денсаулық сақтау басқармасының құзырында",-деді ол.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент базарларының алдында бір дана медициналық маска 250-300 теңгеден сатылып жатыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже