Шымкентте спиртті қайта өндіретін астыртын зауыт анықталды

05 сәуір, 11:14

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері спиртті қайта өндіретін зауыт қызметінің жолын кесті.

Заңсыз әрекет Шымкент қаласы кәсіпорындардың бірінің өндірістік аймағында сатып алынған 70 литр спирт қосылған сұйықтық бар автокөлікті ұстау кезінде анықталды. Аймақ аумағын тексеру барысында тағы 25 тонна суррогат алкоголь өнімі табылып тәркіленді, сарапшылар оны 35 млн теңгеге бағалайды. Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы 1 жылға бостандығын шектей отырып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже