БАҚ: Жамбыл облысында полицейді өлтіріп, өртеп жіберген

10 шілде, 13:31

Жамбыл облысы Шу ауданында Қордай ПБ ӨПҚ инспекторының жанып кеткен мәйіті табылды, деп хабарлайды Экспресс-К.

Басылымның ақпаратына қарағанда, полицияға мәйңт туралы белгісіз әйел хабарлаған.

Жедел топ оқиға орнына шығып, Жайсаң ауылының шетінен жүрек тұсына пышақ жарақатын алған, жанған әріптесінің мәйітін тапты. Оның жанында жеке куәлік пен қызметтік куәлік, жеке заттар, ақша, телефон болған.

БАҚ-тың хабарлауынша, қазір қылмысты ашуға барлық күш жұмсалды. Облыстық полицияда әзірге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже