Тоқаев санкцияланған демонстрацияларға рұқсат етіледі деп уәде берді

17 маусым, 11:11

Мемлекет халықтың талабын естіді! Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік «Еуроньюс» телеарнасына берген сұхбатында осылай деді. Президенттің айтуынша, жұрт наразылығы кедейшіліктен туындап отыр.

Тоқаев қоғамдық қауіпсіздікке елеулі зиян келтірмеген ұсталғандардың қамаудан шығарылатынына уәде берді.

"Менің мақсатым – наразылыққа шыққан жастарымыздың қазақстандық қоғамда өз орнын табуы", - деді ол.

ЕҚЫҰ-ның өткен сайлау туралы айтқан сыни есебіне жауап ретінде Тоқаев былай деді:

"Ашық сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалды. Кейбір сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар орын алды. Егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және егер мұның барлығы расталса, тиісті шаралар қабылданатын болады".

"Біздің стратегиямыз диалог құру болып табылады. Жастарды билікке тарту, жалпыұлттық маңызды мәселелерді шешуге жәрдемдесу менің басымдықтарым қатарына кіреді. Әрине, наразылыққа шыққандар тәртіпсіздік пен хаос атмосферасындағы көшелерде емес, дөңгелек үстелге тартылатын болады".

Тоқаев санкцияланған демонстрациялар рұқсат етілетініне уәде берді:

"Әрине, заңсыздыққа жол жоқ. Бас прокуратура көшелердегі осындай жиналыстардың заңсыздығы туралы бірнеше рет мәлімдеген болатын, өйткені олар оған қатысқысы келмейтін адамдарға кедергі келтіреді. Сондықтан, арнайы заң қабылданатын болады, өз көзқарасын білдіру үшін демонстрацияларды ұйымдастырғысы келетін адамдар жиналыстарды өткізу үшін арнайы орын тағайындайтын тиісті органдарға жүгінуі тиіс".


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже