Түркістан облысында 300 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді

25 қыркүйек, 09:38

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары 344 млрд теңгенің өнімін өндірді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс құрылған сәттен бастап 2018 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі екі жылда 6,5% - ға өсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының өңірлік экспорт және инвестициялар басқармасының басшысы Иса Құдабеков мәлім етті.

Оның айтуынша, облыста 23 мыңға жуық адам жұмыс істейтін 300 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.
"Бүгінде 2020-2023 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында жалпы сомасы 324 млрд теңгелік 29 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ал биыл 12,5 млрд.теңгеге 13 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Толық іске асырылған жағдайда 1500 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылдың 3 жобасы пайдалануға берілді", - деді Иса Мұсаұлы.


Бұл Мақтаарал ауданындағы "Tulpar Textille" ЖШС тоқыма фабрикасының құрылысы. Жылдық қуаты - 6600 тонна (жүзеге асырылады).
Мақтаарал ауданы "Tulpar May" ЖШС тазартылған май өндіру цехының құрылысы. Жылдық қуаты-2912 тонна. Жобаның сомасы-2 млрд.теңге (іске асыру сатысында).
Ордабасы ауданында "Стандарт Ресурсис" ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы. Жоба сомасы-1,5 млрд.теңге (іске асырылды).
Кентау қаласында пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын "АБН Альянс" ЖШС зауытының құрылысы. Қуаты-1500 тонна кәріз құбырлары, жоба сомасы - 600 млн. теңге (жүзеге асырылады).
Келес ауданының "Тмстрой21" ЖШС күйдірілген кірпіш өндіру зауыты. Жылдық қуаты-15 млн. бірл. жоба сомасы-520 млн.теңге (іске асырылған).
Түркістан қаласында "Turkistan Textile" ЖШС тігін цехының құрылысы. Қуаттылығы-айына 15 мың бірлік. Жобаның сомасы-500 млн. іске асыру сатысында).
Сайрам ауданында "Айкан" Айкан " ЖШС сүт өңдеу зауытының құрылысы. Жылдық қуаты-15 тонна. Жобаның құны-390,8 млн. теңге (іске асыру сатысында).
Сайрам ауданындағы "DARIA ГРУПП"ЖШС асфальт-бетон қоспаларын, темірбетон және бетон бұйымдарын өндіретін зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон-жылына 21 000 текше метр. Жоба сомасы-290 млн..теңге (іске асыру сатысында).
Сайрам ауданындағы "Elit Story M&A" ЖШС бетон және асфальтбетон қоспаларын өндіру зауыты. Қуаттылығы-тауарлық бетон-40 000 текше метр, жоба сомасы-270 млн. (іске асыру сатысында).
Келес ауданының "АІ ВІ-І" ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Қуаттылығы-30 млн.дана. Жобаның құны-251 млн.теңге (іске асырылған).
Сайрам ауданындағы "Көктал Групп" ЖШС темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жылдық қуаты-20 мың тонна. Жоба сомасы-249 млн. (іске асыру сатысында);
Сайрам ауданындағы "Конус и К" ЖШС темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жобаның құны-200 млн.теңге (іске асыру сатысында).

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже