​ШҚО мұғалім үйіне қайтар жолда үсіп қалды

04 ақпан, 11:54

Екі апта бойы іс-түссіз кетті деп есептелген Айнұр Семсенованың денесін әкесі тауып алды, деп жазады Elitar.kz тілшісі.

Жармин полиция бөліміне арыз 2019 жылдың 16 қаңтар күні түскен. Анасының айтуынша, қызы жұмысқа кетіп, екі күннен бері хабар жоқ. Мұғалімді іздеуге еріктілер мен аудан тұрғындары да қосылады. Қатыт аязға қарамастан екі апта бойы полицейлер мен еріктілер таңертеңнен кешке дейін айналаны іздеумен болды.

– 1 ақпан күні Қалбатау ауылы маңынан, үйіне жақын жерден (бұрынғы май зауыты ғимаратының жанына) әкесі А.М.Семсенованың денесін тапты, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Қарау барысында денеден қинап өлтіру белгілері анықталған жоқ, ақшасы, смартфоны мен құжаттары өзімен болған. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, әйел қатты тоңудың салдарынан көз жұмған.
Полицейлердің айтуынша, қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру жалғасуда.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже