​Шымкентте Абай ауданының экс-әкімі басқарма басшысы болып тағайындалды

17 ақпан, 11:36

Ол басқарма басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Абай ауданының әкімі болды.

Ғалымжан Әнуарбекұлы 1983 жылы ОҚО-да (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. Мамандығы бойынша заңгер және экономист.

Еңбек жолын 2006 жылы ОҚО, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2006 жылдан 2010 жылға дейін ОҚО Қазығұрт аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, ОҚО қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджетті атқару бөлімінің бас маманы, ОҚО әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, сондай-ақ бюджет және Мемлекеттік сатып алу мониторингі экономикалық талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2012-2017 жылдары ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, бюджет мониторингі және Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының орынбасары, ОҚО Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары.
Кейін ОҚО Төлеби ауданы әкімінің орынбасары және Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже