Ақмолада екі полиция полковнигі ұсталды

04 қазан, 10:46

С.Жұмалина мен А.Сәдуов ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 3-бөлігі "сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражқа салу" бойынша күдікке ілініп отыр.

Ақмола облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ведомствоаралық жедел тергеу тобымен бірлесіп, полиция полковниктеріне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізе басталды.

«Күдіктілердің құқықбұзушылықтарды бір жыл көлемінде жасағаны анықталды. Полиция полковнигі А. Сәдуов ішкі істер органдарындағы қызметінен кейтті. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сәдуов полиция департаменті басшысының орынбасары қызметінен атқарып келген, ал Жұмалина бұл салада 20 жылға жуық еңбек еткен. Соның жеті жылында қаржымен қамтамасыз ету бағыты бойынша жұмыс істеген.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже