Алматы облысында екі бала токқа түсіп, көз жұмды

06 маусым, 13:31

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, қайғылы оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде болған.

"20:10-да Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде екі бала үлкендердің қарауынсыз қалып, жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүргенде электр сорғысынан электр тоғымен зақымдалып, оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады Беккер.

Беккердің пікірінше, 11 жасар 8 жасар балаға көмектесемін деп қаза тапқан.

"Құдықтың жанында 70 сантиметр өлшемдегі шұңқырлар бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың кішісі осы шұңқырға түсіп, электр тогынан зақым алған. Үлкені де оған көмектесуге тырысып, токқа түсіп қалған. Өкінішке орай, екеуі де қаза тапты", – деді Беккер.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже