Алматыда 25 жастағы жігіт қаршадай ғана қызды зорламақ болды

12 маусым, 14:20

Оқиға 11 маусым күні орын алған, деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Алакөл ауданындағы елдімекендердің бірінде ауыл тұрғыны қаршадай ғана қызды зорламақ болған 25 жастағы ер азаматты ұстады. Белгілі болғаны, жас жігіт емдік өсімдіктерді жинаймыз деген сылтаумен ауыл шетіне 6 жастағы бүлдіршінді ертіп апарып, арам пиғылын іске асырмақ болған. Жәбірленуші бола жаздаған қыз айқайлап үлгерген. Оның дауысын жергілікті тұрғындардың бірі естіп, дереу көмекке жетіп келді. Бұл сәтте 25 жастағы ер кісі бүлдіршіннің үстіндегі киімін шешіп үлгеріпті.

"53 жастағы ауыл тұрғыны дереу учаскелік полицейді шақырып, құзырлы органдағылар келгенше жас жігітті ұстап тұрған. Бүлдіршіннің жағдайы жақсы, ешбір қауіп жоқ. Педофил өз ойын жүзеге асыра алмады. Күдікті уақытша қамауға алынды. Кәмелет жасына толмаған қызды зорлауға оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" делінген ведомство хабарламасында.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже