Алматылық судьяға пара алды деген айып тағылды

14 қараша, 11:31

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Бостандық аудандық сот судьясының пара алу фактісінің жолын кесті.

Судья сенім білдірілген адам арқылы азаматтық іс бойынша шешім қабылдау мерзімін кейінге қалдыру үшін бұрын алған 3 мың АҚШ доллары сомасында параны қайтарған кезде әшкереленді.
Ағымдағы жылдың 9 қарашасында судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже