Арыс қаласында кезекті жарылыс болды

09 тамыз, 11:05

Төтенше жағдай кеше, 8 тамызда болды. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов мәлім етті, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Бүгін Арыс қаласында сағат 18.15-те үйдің ауласында қоқыс жанып жатқан кезде, белгісіз зат жарылған. Салдарынан үй иесі жеңіл дене жарақатымен жергілікті ауруханаға келіп түсті .Оқиға орнында барлық жауапты қызметтер жұмыс істейді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен адам үйіне қайтты" - Сәкен Қалқаманов парақшасында.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже