​Астанада аналар ретсіз акцияға жиналды

06 ақпан, 14:57

Жүздеген адам (көбісі көп балалы аналар) бүгін Астана қаласының орталығына жиналды. Олар тұрмыстық жағдайды жақсартуды талап етуде. Жиналғандардың бір бөлігі «Астана» концерт залының ғимаратында жүр, деп жазады matritca.kz.

Азаматтардың ресми тұлғалармен басты залда жолығуы үлкен жиналысқа айналып кетті. Ондаған әйел сахнаға шығып, өз талаптарын айтуда. Негізгі талаптар – көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, балаларды балабақшаға орналастыру, аналар жәрдемақысын көбейту, тұрмыстық жағдайды жақсарту.

Жиналғандар өздерінің кірістері отбасын асырап, несие борышын төлеуге жетпейтінін айтады. Талап қоюшылардың бірқатары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап етуде.
Жиналғандармен кездескен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев әйелдерді сабырға шақырып, талаптарып «заң аясында» қарастыруға уәде берді және тарауды өтініп, өзі де залдан шығып кетті. Акция болып жатқан орында прокуратура, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері де жүр.
Жиналған әйелдер, сонымен қатар, Президент пен Үкіметке арнап, көп балалы отбасылардың тұрмыстық жағдайы мен әлеуметтік ахуалын жақсартуға қатысты ондаған талап жазылған хаттарын оқыды. Қазіргі таңда жиналған әйелдер талап-арыздарына қол қоюда.
Бұл акцияға Астанадағы Көктал-1 тұрғын алабындағы 4 ақпанда болған өрт салдарынан 5 қыздың мерт болуы түрткі болды.
Алматыда сәрсенбі күні ондаған адам қалалық әкімдіктің ғимаратына келіп, көп балалы отбасыларға мемлекеттік көмек мәселесін көтермек болды. Олардың бірқатарын келіссөз жүргізу үшін ғимараттың ішінде кіргізді.
«Астана» залынан тікелей эфирді Azattyq TV жүргізуде:

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже