Қарағанды облысында жұмысшылар шетелдіктермен төбелесіп қалды

13 тамыз, 11:20

Жанжал 12 тамызда орын алды, деп хабарлайды Elitar.kz

Видео karaganda city инстаграм-аккаунтында жарияланды.

Алдын ала болжам бойынша, жергілікті жастар түрік азаматтары салып жатқан өнеркәсіп аумағына келіп, сол жерде жанжал басталған.

Оқиға салдарынан Жәйрем тау-кен байыту комбинатының бірнеше шетел азаматы жеңіл дәрежедегі жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов шықты.

"Кездесу нәтижесінде жағдай реттелді. Кенттегі жағдай тұрақты және облыс әкімінің ерекше бақылауында", — делінген әкімдік хабарламасында.

Жанжалдың себебі белгісіз.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже