Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде өрт шықты

13 тамыз, 10:46

70 га орман жанып жатыр, деп хабарлайды Elitar.kz ТЖК-ға сілтеме жасай отырып.

ТЖ комитетінің хабарлауынша, өрт 12 тамызда сағат 17.30-да Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде бақты орманшылығында басталды. Құрғақ шөптен шыққан өрт ағаштарға жайылды.

13 тамызда таңғы сағат 9-да 70 га жуық аумақ жалынға оранды. Жану орны ауеден "Қазавиаорманқорғау"тікұшағымен тексеріледі. Өрт сөндіруге 13 машинада 77 өрт сөндіруші, сондай-ақ 10-нан астам техникасы бар 67 орманшы мен еріктілер жұмылдырылды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже