Қазақстанда коронавирус диагнозы 30 жасқа дейінгі ерлерде көбірек анықталған

27 мамыр, 19:09

Нls.kz жариялаған мәліметтерге сәйкес, елімізде әйелдерге қарағанда ерлерде КВИ диагнозы көбірек анықталған. 27 мамырдағы жағдай бойынша қауіпті инфекция анықталғандардың 61,46 % - ерлер, 38,54 % әйел азаматтары екені белгілі болды.

Егер жас ерекшелігін алатын болсақ, онда олар 20-30 жас аралығында. Атап айтқанда, 20,73% - ерлер, 8,48% - әйелдер.
30-40 жастағы ерлер арасында - 13,41%, әйелдер - 7,65%.
40-тан 50 жасқа дейінгі адамдардың арасында - 8,13% ерлер және 7,78% - әйелдер.
50-60 жастағы әйелдер арасында - 6,70%, ерлер - 5,41%. Ал 60 жастан жоғары емделушілер арасында әйелдер көп.
Балалар арасында қыздарға қарағанда ұлдарда қауіпті індет көбірек анықталған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже