Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салу жоспарлануда

16 шілде, 15:41

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлады.

"Біз орта жылдамдықты келесідей өлшеуді ұсынамыз. Егер Нұр-Сұлтан - Бурабай трассасын алсаңыз, яғни қаладан А пунктінен шығатын жерде нақты марканы, автомобильдің мемлекеттік нөмірін, қаладан шыққан уақытын тіркейтін жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу жүйесі орнатылады. Бурабайға кіре берісте Б пунктіне кіру уақытын белгілейтін келесі камера тұратын болады. Өткен жолды жұмсалатын уақытқа бөлу арқылы автоматты жүйе орташа жылдамдық есептелетін болады", — деді әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Әлібек Кеңесбаев.

Камералар А-дан Б-ға дейінгі жолда жүріп өткен уақытты және жеңіл көлік жүретін жылдамдықты есептейтін болады, дейді Әлібек Кеңесбаев:

"Мысалы, егер бізде Астана — Бурабай трассасында сағатына 140 шақырым жеңіл автомобильдер үшін жылдамдықты шектеу қойылса, ал егер жүйе нақты автокөлік сағатына 150 шақырым жылдамдықпен өткендігін тіркесе, мұндай жағдайда әкімшілік жауапкершілік басталады және автокөлік жүргізушісіне берілетін айыппұл төлеу қажеттілігі туралы қол қойылады. Орташа жылдамдық өлшенетін учаскелер ұзындығы бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Жолдардағы жағдайға байланысты 50, 100 шақырым болуы мүмкін", — деп түсіндірді ол ОКҚ брифингінде.

"Осы ұғымды және орташа жылдамдықты есептеу әдістемесін енгізу бізге ең алдымен ЖКО орын алатын қала сыртындағы жолдардағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз", — деп түйіндеді Әлібек Кеңесбаев.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже