Нұр-Сұлтанда күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйел қайтыс болды

11 қараша, 13:29

Дәрігерлер әйелді аман алып қалу үшін барын салған. Өкінішке орай, келіншек ауруханада көз жұмды.

Ақ халаттылардың айтуынша, келіншектің денесінің 75 пайызын күйік шалған.

Еске салайық, бұл қайғылы жағдай 6 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында орын алды. Отбасындағы жанжалдан соң 43 жастағы ер кісі әйелін далаға алып шығып, үстіне бензин құйып өртеп жіберді.

Зардап шеккен келіншекті елордадағы аялдамалардың бірінен құқық қорғау қызметкерлері тапқан. Дереу ауруханаға жеткізілген әйел азаматы бір айдан астам уақыт ем қабылдады.

Бұл іске қатысты күдікті ретінде келіншектің күйеуі ұсталып, ол кінәсін мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже