Ұшақтарда тағы да 20 келіге дейін жүкті тегін тасымалдауға рұқсат етілді

04 шілде, 14:00

Қазақстанның Индустрия және құрылымдық даму министрі Роман Скляр әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережесіне тиісті түзетулерді енгізді.

Енді ережелерде билеті бар әрбір жолаушыға, салонда жеке орынсыз тасымалданатын кәмелетке толмаған жолаушыларды қоспағанда, салмағы 20 келіден аспайтын қол жүгі мен багажын тегін алып жүру туралы айтылған. Әуе кемесінің салонына енгізілетін қол жүгінің жалпы салмағын және оның шекті көлемдерін тасымалдаушы белгілейді.

Тегін тасымалданатын багаждың салмағын арттыруға және басқа жеңілдіктер белгілеуге тасымалдаушының қалауы бойынша жол беріледі.

Сонымен қатар осы тармақтың ережелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындаған тасымалдаушыға (лоукостерге) қолданылмайды.

Мұндай тасымалдаушы қол жүгі мен багажды тегін алып жүру салмағын, габариттерін және нормаларын дербес белгілейді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже