Шымкентте екі бала тамақтан уланып қайтыс болды

04 қараша, 08:22

​3 қарашада шамамен 10-30-да Шымкенттегі Түркістан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына бір отбасының анасы мен үш баласы "тамақтан улану" диагнозы бойынша келіп түсті. Кейінірек ауруханада 2015 және 2018 жылы дүниеге келген екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar. kz.

Отбасы Еңбекші ауданындағы Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде тұрған. Үйде жылыту орталыққа қосылған. Газ құбыры жоқ.
Отағасының айтуы бойынша таңертең сағат 04-42-де осы жедел жәрдем шақырған, келгеннен кейін "тамақтан улану" диагнозы қойылған (тамақтан улану, құсу және отбасының барлық мүшелерінде іште ауырсыну белгілері бар) және ем тағайындалған. Таңертең олардың жағдайлары нашарлап, 09:37-де қосымша жедел медициналық көмек шақырылып, отбасының анасы мен 3 баланы инфекциялық ауруханаға жеткізіліп, дәрігердің тексерілуінен кейін олар ауруханаға жатқызылды.
Сағат 11-00-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 жылы дүниеге келген ұл бала қайтыс болды. Сағат 14-00-де 2018 жылы туған ұл бала да көз жұмды. Отбасының қалған екі мүшесінің жағдайы қанағаттанарлық.

Бұл жағдайға қатысты ТЖ департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барып, арнайы тексеру жүргізді. Белгілі болғаны онда улы газбен улану фактілері тіркелмеген.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже