Шымкентте киім-кешек базары өртенді

05 тамыз, 14:24

Куәгерлердің айтуынша, "Евразия" деген атаумен танымал аяқ киім сататын "Алтын орда" базарының бір бөлігі жанып кетті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Өрттен үш бутиктің күлі ғана қалды. Сатушылар басталған өртті өз бетінше сөндіруге тырысты,бірақ шамалары жетпеген.

Өртті өртке қарсы қызметтің бірнеше бөлімі сөндірді. Шымкент қаласы бойынша ТЖД бастығының орынбасары Ерғали Бахаевтың айтуынша, аяқ киім сататын бутиктер өртеніп кетті:
"Алтын Орда базарындағы өрт туралы хабар диспетчерлік бөлімге 13.35-те келіп түсті. Өрт шыққан жерге 12 бірлік техника мен жеке құрамның 45 адамы шықты. Өрт толығымен сөндірілді. Аяқ киім сататын бутиктер жанып кетті"
Өрт ауыздықталғанымен, саудагерлердің қауіпсіздігі үшін жеке құрамы бар бір өрт сөндіру көлігі базарда бір тәулік бойы қалады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже