Шымкентте көпқабатты үйдің шатыры жедел жәрдем көлігіне құлап түсті

08 мамыр, 23:55

Құлаған шатырды алу үшін құтқарушылар көмегі қажет болды.

Төтенше жағдай 8 мамырда Әл-Фараби алаңында орналасқан №3 көпқабатты үйдің ауласында орын алды.

Шымкент қалалық Төтенше жағай департаментіндегілердің Elitar.kz тілшісіне айтуынша, құтқару қызметіне оқиға туралы хабарлама 20:01-де келіп түскен. Белгілі болғаны, қатты тұрған жел көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ұшып әкеткен. Аумағы 120 ш. м. болатын шатыр аулаға түскен. Осы сәтте аулада ешкім болған жоқ. Шатыр тұрғын үйдегі бір науқасқа келіп тұрған жедел жәрдем көлігінің үстіне құлаған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Құтқарушылар шамамен бір сағат ішінде шатырды жедел жәрдем көлігі үстінен алып түсті. Құтқарушылар жасағының жеке құрамына 7 адам, ТЖ және 2 техника жұмылдырылған.


Айта кетерлігі, көпқабатты үйдің шатырын тұрғындар бірнеше жыл бұрын ғана жөндеуден өткізген.


Сонымен қатар, құтқарушылардың көмегі Водопьянов көшесіне де қажет болды. Онда үйге үлкен ағаш құлап кетті. Бұл жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ.

Шымкент қаласы ТЖД басшылығы атап өткендей, зардап шеккендер мен құрбандардың болмауы адамдарды ауа райы туралы дер кезінде хабардар етумен байланысты. Қазгидрометтен ескерту келіп түскен жағдайда, ТЖ барлық жергілікті телеарналар бойынша алдағы ауа райы туралы тұрғындарды хабардар етеді. Бұл жұмыс смс арқылы ескерту жасаумен де қатар жүргізіледі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже