Шымкентте қылмыскер адам өлтіріп, бағалы заттарды ұрлап, марқұмның үйін өртеп кеткен

08 тамыз, 12:19

18 маусымда Шымкент қаласында жанып кеткен үйлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды. 29маусымда Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі берген ақпаратта көрсетілгендей, күдікті кісі өлтіргеннен кейін құрбанның үйінен жалпы құны 1 100 000 теңгеден асатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, өлтірілген адамның тұрғын үйін өртеп, қылмыс орнынан ізін жасырған.

Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, ұрланған ақшаға қаскүнем автомобиль сатып алған.

Қазір ҚР ҚК-нің 99 "адам өлтіру", 192 "қарақшылық" және 202 "бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бірінші тамызда ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже