Шымкентте көлік апатынан 13 адам зардап шегіп, бір жолаушы қайтыс болды

16 қыркүйек, 10:48

​Бүгін Шымкент қаласында Назарбаев даңғылы мен Бәйтереков көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 13 адам зардап шекті. 1 адам көз жұмды.

Автобустың жүргізушісі жол жүру ережесін ескермей, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, "Тойота Камри" маркалы автокөлігімен соқтығысып аударылып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың бір жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. "Тойота Камри" автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың екі жолаушысы Шымкент қаласының медициналық мекемелерінің біріне жатқызылды. Сонымен қатар, "Тойота Камри" автокөлігінің екі жолаушысына, автобустың 6 жолаушысына және оның жүргізушісіне медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне қайтарылды.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды" делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже