Шымкентте көлік жүргізуші 354 үйді газсыз қалдырды

08 қазан, 10:37

​Төтенше оқиға 7 қазан күні Балтық және Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орын алған. Әзірге белгісіз автокөліктің соқтығысуынан газ құбырына зақым келді, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз Аймақ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

Салдарынан жерасты полиэтилен газ құбырында ақау орын алды.
Апат бригадасы жерасты полиэтилен газ құбырындағы газ кранын жауып тастады. Газбен жабдықтау жүйесінен: 250 жеке ШРП бірлігі, 354 жеке сектор абоненті, 10 ҚІҚБ сөндірілді.
Оқиға орнына Абай АІІБ қызметкерлері шақыртылды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже