Түркістан облысында адасып кеткен 4 жастағы бүлдіршін табылды

21 мамыр, 14:34

19 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не Сарыағаш қаласындағы орталық көшелердің бірінде кішкентай қыздың жол бойында жылап тұрғаны бойынша хабарлама келіп түскен.

Аталған мекен-жайға Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының қызметкерлері шұғыл жетті. Қыз баладан өзі жайлы толық мән-жайды сұрастырылды. Нәтижесінде қыздың айтуымен оның 4 жаста екенін ғана анықталды.

Жедел әрекетке көшкен полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан қызын жоғалтқандар жоқ па екенін сұрастырды. 2-3 сағатқа созылған іздестіру шаралары нәтижесінде кішкентай қыздың мекен-жайы анықталды.

Белгілі болғандай 4 жасар қыз әжесінің үйіне қыдырып келіп, ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен. Әжесінің үйінен 200-300 метр қашықтықта кетіп қалған қыз, адасқанын біліп жылай бастаған. Үй ішіндегілер қыздың жоқ екенін біліп, оны өздерінше іздеуге кіріскен.
Өз кезегінде қыздың әкесі Сарыағаш АПБ-нің полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы алғысын білдіріп, тәртіп сақшыларының жұмысына табыс тіледі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже