Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды

06 желтоқсан, 12:27

Оқыс оқиға 4 желтоқсан күні Шымкенттегі Темірлан тас жолы бойында орын алды. Көлік тізгіндеген жүргізуші автокөлікті басқара отырып, кәмелетке толмаған екі жасөспірімді қағып кеткен, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жасөспірімнің бірікөз жұмды. Ал екіншісі түрлі дене жарақаттарымен қалалық аурухананың жан сақтау бөлміне жеткізілген.

Аталған жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады.

Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже