Егіз жігіттің сыңарын пышақтап кеткен азаматқа жаза күшейтілді

17 шілде, 17:43

Адам өлтірді деген күдікпен ұсталған ер кісі Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 29 сәуірдегі үкімімен 10 жылға темір торға тоғытылған болатын. Енді 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп отыр. Сөйтіп бастапқы сот сатысының үкімі ішінара бұзылды.

Қанды оқиға өткен жылдың 24 маусымында орын алған. Бәйдібек би даңғылы бойындағы жанар жағармай құю бекеті маңына Хасан мен Хусан Тұрдиевтер шақыртумен келген. Екі тарап арасында кикілжің шығып соңы кісі өлімімен аяқталған. Хусан Тұрдиев пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болған. Қанды оқиға бойынша төрт ер адам қамауда болған. Сот тергеуі кезінде үшеуінің кісі өліміне қатыстылығы дәлелін таппағандықтан оларға ақтау үкімі шығарылған. Тахир Хамутбековты Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.

Сот үкімімен келіспеген марқұмның туыстары апелляциялық шағым келтірген. Шағым ішінара қанағаттандырылып, сотталушы Тахир Хамутбеков он жыл емес, енді 13 жылын темір торда өткізетін болды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже