Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбектері

19 наурыз, 19:50

1. Елбасы Н.Назарбаев әлемдік экономикалық және саяси жүйеге белсенді кірігіп келе жатқан ірі, қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор мемлекеттің әлем қауымдастығы мойындаған көсемі саналады.
2. Елбасы Н.Назарбаев – Батыс пен Шығыс арасында, Ислам мен христиандық арасында, өркениет арасында келіссөз орната алатын көсем.
3. Елбасы Н.Назарбаев – кофессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің сәулетшісі.
4. Тұңғыш Президент Н.Назарбаев – Евразиядағы ең белгілі әрі беделді саясаткерлердің бірі. «Бүгінде әлемге ықпалды 5 немесе 6 саясаткер танымал. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаев бар» деген-ді Маргарет Тэтчер.
5. Елбасы Н.Назарбаев – ХХІ ғасырдағы кедергілер мен қауіп-қатерді жоюға бағытталған көсем.
6. Халықаралық қауымдастық тұтас, әлемнің ірі мемлекеттік қайраткерлері жекелей алғанда Елбасы Н.Назарбаевты тең құқылы, өзіндік беделі бар, жағдайға өз көзқарасы бар әріптес ретінде бағалайды.
7. Тұңғыш Президент өзінің бүкіл ғұмырын Қазақстан халқына арнады, ол Қазақстанды үшінші әлем елдері қатарынан Азия әлемінің көшбасшылығына алып шықты.
8. Тұңғыш Президент жасы, қарқындап дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекеттің ұлттық мүдделері мен әлем дамуының жаһандық үрдістері арасынан тең байланыс орнатты. Қазақстан мемлекетінің жетістігі де – осы.

9. Қуатты Қазақстанды құрып, елді алдыңғы қатардағы мемлекеттер сапына қосудың ұзақ мерзімді жоспарын ұсынған Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ халқының тәуелсіз, тұрақты және беделді мемлекет құру жөніндегі ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырды.

10. Қазақстанның дамуының негізгі бағыттарын анықтаған Тұңғыш Президент қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің негізін қалады.
11. Елбасы Н.Ә.Назарбаев – елді жаңғырту идеяларын жүзеге асыруға ұмтылған заманауи саясаткер, жаңа бағыттағы Көсем.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже