Мақтааралда қайырымдылыққа берілген сырт киім ішінен 3100 АҚШ доллары шықты

08 мамыр, 14:19

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге халық тарапынан көмек әлі де келіп түсуде.
.
Желі қолданушыларының жазуынша, көмек беру сәтінде мынадай бір қызық жағдай орын алыпты.
.
Түркістан облыстық ақпараттық-коммуникациялық орталығының қызметкері Төребек Байтасовтың Facebook парақшасында бөліскен видео мен мәліметінше, көмек ретінде зардап шегушілерге келіп түскен сырт киімнің қалтасында белгісіз ер азаматтың жинап-терген ақшасы болған.
.
"Мақтаралға көмекке деп бір әйел күйеуінің кимейтін киімдерін беріп жіберіпті. Күйеуінің әйелінен тығып жинап жүрген ақшасы бір курткада кеткен екен. Артынан машинамен қуып барыпты... Қайта бұйырған екен" деп жазды Түркістан облыстық АКО қызметкері.
.
Видеода байқағанымыздай, сырт киім қалтасынан 3100$ шықты.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже