Өзін-өзі өртеп жіберген Шымкент тұрғыны ауруханада көз жұмды

09 желтоқсан, 12:35

Шымкентте өзін өртеп жіберген әйел азаматының 85 пайыз денесін күйік шалған. Өкінішкке орай оның өмірі үшін күрескен дәрігерлер аман алып қала алмады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 3 желтоқсанда болған. Кешкі уақытта Тассайдағы Юсуф Сареми көшесіндегі ашық алаңда 1988 жылы туған әйел азаматы өзін-өзі өртеп жіберген.

Ол өзіне жанғыш зат (алдын ала мәлімет бойынша бензинмен) құйып, өзін өртеп жіберді. Мұндай қадамға ол жас адаммен жанжалдан кейін барғаны белгілі болды.
Шымкент қалалық Полиция департаментінде тұрғынның өзін-өзі өртеу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы (өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже