Жээнбеков, Рахмон және Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

10 маусым, 13:10

Президент сайлауындағы жеңісімен Қасым –Жомарт Тоқаевты Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Тараптар екі ел халықтарының тату көршілік пен достығына негізделген қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын одан әрі нығайту ниетін барын айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбаттасушыға жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бауырлас елдердің ынтымақтастығын жан-жақты және қарқынды ілгерілетудегі саясатын жалғастыруға бағытталғанын атап өтті. Мемлекет басшылары ағымдағы жылдың 14-15 сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыру қазақ-өзбек қарым-қатынастарын дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшылары Қазақстан-тәжік стратегиялық әріптестігінің одан әрі қарқынды дамуына сенім білдірді. Тараптар сондай-ақ алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже