Шымкент қаласының әкімі жаңа қызметке орналасқан Жанат Тәжиеваға алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі

23 сәуір, 04:17

Шымкент қаласының әкімі жаңа қызметке орналасқан Жанат Тәжиеваға алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Бүгіннен бастап Жанат Тәжиева ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментін басқарады.
Өзінің бұрынғы әріптесін шығарып салған қала басшысы Жанат Арысбекқызының бұл орынға лайықты екенін айтып өтті.
Жанат Тәжиева конкурстан мүдірмей өткен. Жаңа қызметке ауысуына байланысты жұма күні өз еркімен бөлім басшысы қызметінен босатуды сұраған.
Жанат Арысбекқызы – тәжірибелі педагог, білім саласында 30 жылдай уақыт еңбек еткен, сала үздігі. 8 жылдай Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже